Ферроқорытпа зауытында қайтыс болған науқастың денесін 80 пайыз күйік шалған - министр

Almaty.tv
Almaty.tv
Алты адамның жағдайы өте ауыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан көз жұмған марқұмның жүрегі мен бүйрегіне зақым келген. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмысшының қандай жағдайда қайтыс болғанын мәлімдеп, оның туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас дәрігердің айтуынша, адам денесінің 60 пайызын күйік шалса, өміріне қауіп келеді. Ал марқұмның денесі 80 пайызға күйген.

– Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында болғандықтан, жағдайдың бәрін біліп отырмыз. Қайтыс болған науқастың денесін 80 пайыз күйік шалған. Полиорганды тапшылық дейміз, жүрекке, бүйрекке соғатын асқынудан көз жұмғанын дәлелдеп отырмыз. Қалған науқастардың жағдайы туралы айтатын болсақ, 6 адамның жағдайы өте ауыр, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Еске сала кетсек, 3 күн бұрын кәсіпорын пешінен жалын шығып, 8 адамды күйік шалған. Ферроқорытпа зауытындағы оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабына сай қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Ферроқорытпа зауытындағы апат: бес адамның жағдайы ауыр

Новости партнеров