|
14.12.2023 | 20:52
1599

Қарыз емеспіз: астаналық тұрғындар әділдік талап етіп отыр

ПИК-тің төрағасы түбіртектің заңды екенін айтып отыр

Қарыз емеспіз: астаналық тұрғындар әділдік талап етіп отыр Almaty.tv

Астанада 6 бірдей көпқабатты тұрғын үй кешенінің халқы әділдік іздеп шарқ ұрып жүр. Олардың айтуынша, бұрынғы ПИК-тің қызметі үшін қарыздары енді өндіріліп жатқан көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тұрғындар 2 жыл бұрын ПИК-пен келісімді бұзған. Көпшілік МИБ төрағасын сайлаған. Алайда 2 апта бұрын тұрғындарға ПИК қызметі бойынша қарыз түбіртегі келген. Берешектің қайдан, не үшін екенін өздері де білмей дал.

– Не үшін, қандай қарыз екенін түсіндірмейді. Бұған дейін төлемді уақытылы төледік. Бір үй емес, көршілерге түбіртек келген. Не үшін төлеуіміз керек? – деді қала тұрғыны Людмила Долгушина

– Желтоқсанда қарыз екенімізді білдік. Бір емес, 5-6 үй бар. Есеп шоты бұғатталған. Ақша қай шотқа түседі? – деді тұрғын үй кешенінің МИБ төрағасы Баян Қонақова.

Ал бұрынғы пәтер иелері кооперативінің төрағасы жиналған қарыздың заңды екенін айтып отыр. Оның айтуынша, тұрғын-үй кешенінде өзімен бірге жұмыс істеген қызметкерлердің жалақысы әлі төленбеген. Тұрғындар берешекті өтемей жүрген көрінеді.

– Тұрғындарды күттік, олар төлемеді. Мен төлем шотын бірыңғай есеп айырысу орталығына қойдым. Бұл – жұмысшылардың ақысы. Техникалық қызметкерлер, аула сыпырушылар, сантехниктер бар. Олардың барлығына заңды жалақы төлеуім керек. Тұрғындарға бір жылдан бері хабарлама жіберемін, бірақ ешқайсысы назар аудармайды, – деді тұрғын үй кешенінің бұрынғы ПИК төрағасы Күләш Сәдуақасова.

Тараптардың осылай ортақ шешімге келе алмағанына жылдан асқан. Қарыз түбіртегі келе бастағанда тұрғындар әділдік іздеп әкімдікке жүгінген. Алайда мәселе шешілмеді.

Кәмшат Мұхамеджан, Нұрлан Өтегенов, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Шұрық-тесік шатыр: Атырау облысындағы 146 пәтер тұрғындары жылусыз отыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир