|
Jol
14.05.2024 | 14:18
2293

Қарғын су: еліміздегі 8 өңірде төтенше жағадай сақталуда

55 мыңнан көп тұрғын өз үйіне оралған

Қарғын су: еліміздегі 8 өңірде төтенше жағадай сақталуда МЧС РК

Қазақстанның 8 өңірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағадай режимі сақталып тұр. Ақтөбе облысындағы екі елдімекенге әлі де көлік қатынасы үзілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмектер жеткізіліп жатыр. Бүгін Үкімет отырысы елдегі су тасқынына байланысты жағдайды баяндаудан басталды. Тасқын басталғалы өңір-өңірді аралап жүрген Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су басқан аймақтардан 119 мыңнан астам адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты. Ал 55 мыңнан көп тұрғын өз үйіне оралған.

– Су тасқыны жағдайының қорытындысы бойынша елімізде 12 908 тұрғын үй су астында қалды, оның ішінде 3 өңірде 264 үй әлі де су басып жатыр. Сондай-ақ 25 921 саяжай учаскесіндегі 18 025 үйді су басқан, – деді  ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев.

Қанат Бозымбаевтың сөзінше, 6 өңірдегі су тасқыны салдарын жою үшін елдегі ірі компаниялар демеушілік етіп жатыр. Одан бөлек, 20 мың 600 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы төлем алған. Ал аймақтардағы су тасқынынан келген залал мөлшері әлі белгісіз.

– Келтірілген залал көлемі бойынша нақты санды айту қиын. Себебі кейбір елдімекенде судың деңгейі әлі түскен жоқ. Қазір жергілікті билік ол жақтағы залал мөлшерін бағалау бойынша жұмысты бастады. Бірақ оның нәтижесі қай күні белгілі болатынын айта алмаймыз, – деді ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов.

Оқи отырыңыз: Жайық деңгейі Атырау облысының 2 ауданында қауіпті белгіден асып кетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир