Оралда терезеден құлаған 2 жастағы қыз аман қалды

26.08.2024 23:51

Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды

Almaty.tv

Оралда 2 жастағы қыз екінші қабаттан құлап, аман қалды. Оқиға орнына келген жәдел жәрдем қызметкерлері баланы лезде ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Қыздың жағдайы орташа ауыр болып тұр. Қажетті ем-дом жүргізіліп жатыр. Ал еліміздің құтқарушылары Қазақстанда жыл сайын, кем дегенде 100 оқиға тіркелетінін айтып, ата-аналарды баласын қараусыз қалдырмауға шақырды.

– Ол екінші қабат терезесінен құлап, басынан жарақат алған. Келген кезде қыздың жағдайы орташа ауыр болды. Тексеріс барысында қыздың шүйде сүйегінің сынығы анықталды. Ота жасалмайды. Консервативті емін алып жатыр, – деді облыстық көпсалалы балалар ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Айбек Ахатов.

Оқи отырыңыз: Биыл 12 бала терезеден құлап, көз жұмды