Биыл 12 бала терезеден құлап көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алу көрсеткіші 22 пайызды көрсеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде балалардың терезеден құлау көрсеткіші соңғы 3 жылда 1,5 есеге өскен. Бұл туралы Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл 6 айда 223 бүлдіршін биіктен құлап, оның 12 бала қайтыс болған. Ал жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алу көрсеткіші 22 пайызды көрсеткен.

– Жыл сайын 200 мыңға жуық баланың 70 пайызы үйде жарақат алады. Олардың 20 проценті қайтыс болады. Жол-көлік оқиғалары, суға бату, улану, құлау, термиялық күйік алу сынды оқиғалар балалардың жарақат алуына себеп болады. Жол-көлік оқиғасы өлімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Бұл деректердің барлығы ата-ана жауапкершілігін арттыруды талап етеді, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында 15 қызметкер жалған медициналық кітапшамен жұмыс істеген

Новости партнеров