Сәнен Әжиеваның 90 жылдық мерейтойы өтті

Сәнен Әжиеваның 90 жылдық мерейтойы өтті
Ардақты тұлғаға «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының алғашқы түлегі Сәнен Әжиева 90 жасқа толды. Айтулы датаға орай «Өмірім өнермен өрнектелген» атты салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Концертте Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева сынды Халық әртістері, Болат Бөкенов, Гүлзат Дәуірбаева және Айгүл Үлкенбаева секілді Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері өнер көрсетті. Ғұмырының жарты ғасырдан астам уақытын ұлтымыздың төл өнерін насихаттауға арнаған КСРО Орта білім беру ісінің үздігі Сәнен Әжиеваға «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды.

Сәнен Әжиеваның шәкірттері Нұржамал Үсенбаева, Дүйсенхан Сыздықов, ал алдыңғы буыны Сейдолла Бәйтереков, Лаки Кесоглу, Төлепберген Әбдірашевтер.  Бұл кісі училищені 25 жыл басқарды. Өзі ашып, өзі бірінші директор болған.  Содан 25 жыл тапжылмай жұмыс істеп, бүкіл жастық шағын, бүкіл күш-қуатын сол жерде сарп еткен», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс СЕЙДОЛЛАҰЛЫ.

Новости партнеров