|
24.06.2024 | 18:52
850

RAMS Partners: Алматыда халықаралық форум өтті

RAMS Qazaqstan – еліміздің құрылыс нарығындағы көшбасшы компаниялардың бірі

RAMS Partners:  Алматыда халықаралық форум өтті Almaty.tv

Алматыда RAMS Qazaqstan құрылыс компаниясының ұйымдастыруымен дәстүрлі Rams Partners Real Estate Summit халықаралық форумы өтті. Жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшылар мен агенттік өкілдері бас қосқан жиында нарықтағы жаңа тенденция талқыланып, компанияның жоспары айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

RAMS Qazaqstan – еліміздің құрылыс нарығындағы көшбасшы компаниялардың бірі. 27 жыл бұрын құрылған мекеме бүгінде бірнеше саланы қатар дамытып келеді. Осы уақыт ішінде құрылыс компаниясы оңтүстік астанада 20 мың пәтер мен 4 миллион метр жылжымайтын мүлікті пайдалануға беріп, 60-тан астам жобаны жүзеге асырған. Серіктестердің басын қосқан ауқымды форум аясында B2B форматында кездесулер ұйымдастырылып, қатысушылар жүргізіліп жатқан жұмыстан хабардар болды.

– Бұл іс-шараның мақсаты – қонақтарға компания өнімдерін, жобаларын таныстыру. RAMS QAZAQSTAN 26 жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында ғана емес, сонымен қатар медицина, қонақүй бизнесі, медиа саласында да жұмыс істеп келеді. Біздің компания халықаралық форматты қамтыған, – деді Rams Qazaqstan pr-директоры Евгения Қожа-Ахмет.

Халықаралық форум барысында жылжымайтын мүлік нарығында қызмет ететін агенттіктер тәжірибе алмасып, серіктестік орнатуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ «Комфорт», «Бизнес» және «Премиум» санатындағы тұрғын үйлер салатын компанияның жаңа жобасы ұсынылып қана қоймай, жетекші мамандар ойын ортаға салды.

– Алматының әр жерінде жобаларымыз бар. Бірақ ең үлкен жоба – Almaty Park.  Соның ішінде қонақүй, тұрғын үй кешені, сауда орталығы болады. Құрылыс 2-3 жылдан кейін бітеді, – деді Rams Qazaqstan бас директорының орынбасары Джем Джиритжи.

Форум қонақтары компанияның қала инфроқұрылымын дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

Айта кетейік, RAMS Qazaqstan – RAMS Global брендінің бір бөлігі. Оның Түркиямен қатар Германия, Мажарстан, Таиланд, Ресей сынды 8 елде жобалары бар.

Жансая Олжабек, Ялкунджан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир