Нұр-Сұлтанда 400-ден астам тыйым салынған жерлерге қоқыс төгілген

иллюстративное фото
иллюстративное фото
Негізгі себеп - бізде заң бұзушыларға салынатын айыппұл көлемінің мардымсыздығы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елорданың іргесінде рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс үйілген 431 орын анықталған. Әсіресе құрылыс компаниялары қалдықтарды арнайы полигонға апарып әуреленбей қала шетіне төге салатын болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Себебі қалада жалғыз залалсыздандыру полигоны бар.  Сол себепті компаниялар шығындалғаннан гөрі табиғатты ластағанды жөн санайды екен. Оның үстіне мұндай заң бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі де мардымсыз. Экологтар табиғатты ластаушыларды жазалауда құрығымыз қысқа болғандықтан құзырымыз жүрмейді дейді. Енді алдағы жылы Қазақстанда экологиялық Кодекске бірқатар өзгертулер енгізілсе, Заң талабы күшеймек.

«Біз бұрын кез келген табиғат пайдаланушысынан хат арқылы сұрап, қалдықты қалай залалсыздандырып, қалай пайдаланғанын қадағалай алмайтынбыз. Қазіргі экологиялық Кодекстің жаңа бабына сәйкес, біз құрылыс нысандарынан осының бәрін сұрай аламыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ермахан ҚОЗЫБАЕВ.


Новости партнеров