Алматыда мүгедектігі бар жандарға арналған «Шырақ» тегін курсының арқасында 27 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазір «Ақ бастау» шипажайында 80-ге жуық адам білімін жетілдіріп жатыр. Мақсаты – қатысушыларды өзгелердің көмегінсіз тәуелсіз болуға үйрету. Шара бизнес тренингпен басталып, соңы аспаздық сайыспен жалғасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба жыл соңына дейін жалғасады.
«Көбірек мүгедектігі бар адамдардың көбісі жаңағы үйде отырған кісілер болғандықтан, оларды көбірек қоғамға шығару, қоғаммен араластыру. Көптеген біздің қатысушыларымыздың мақсаты пайда болады, оқуға түскісі келетіндері оқуға түседі, отбасы құрып жатқан қаншама біздің қатысушыларымыз бар», – деді «Шырақ» қоғамдық бірлестігінің жаттықтырушысы Айнұр Сырлыбаева