|
24.01.2019 | 18:53
5675

Жастар жылы: Алматыда 2 мыңнан астам студент қатысқан форум өтті

Жастар жылы: Алматыда 2 мыңнан астам студент қатысқан форум өтті

«Жастардың шығармашылығы мен күш жігері – еліміздің инновациялық дамуы үшін». Бүгін осындай атаумен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жастар жылына арналған Студенттер форумы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оған мегаполисте білім алатын 2 мыңнан аса студент қатысты. Олар Елбасының қатысуымен өткен Жастар форумында алға қойылған міндеттерді өзара талқылады. Сондай-ақ, студенттер инновациялық жобалары мен креативті идеяларын ортаға салды.

«Біздің унивеситет ғылым мен инновацияның дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгінгі форумның атауы да сол. «Жастардың шығармашылы мен күш жігері Қазақстанның инновациялық дамуына» деп аталады. Ең бастысы, студенттік бизнес-инкубаторлар мен студенттік стартаптардың бастау алуын және солардың ұйымдастырылуын жүзеге асыруды бақылауға алу», – деді студент Нұрсұлтан БЕКҚАЙЫРОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир