Әкем Бауыржан Момышұлы ең жақын досы болатын – Әлия ҚОШҚАРБАЕВА

25.02.2020 23:54

Шараға Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қатысты

Almaty.tv

Биыл Ұлы жеңіске – 75 жыл. Мерейлі мерекені тиісті деңгейде атап өту үшін дайындық жұмыстары ерте басталып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.  Алматыда түрлі акциялар жыл басынан бері үзілмей өткізіліп келеді. Бүгін Ұлттық кітапханада «Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат» атты іс-шара өтті. Шараға  Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қатысты.  Ұлттық кітапхана қорынан арнайы көрме ұйымдастырылды. Кездесуге Рейхстагқа ту тіккен даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың қызы қатысып, әкесінің соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісті.  

«Әкем соғысқа аттанбай тұрып, бірнеше жерде басшылық қызмет атқарды. Үйімізден қонақ үзілмеуші еді. Әкем жарқын жүзді, келген адамды қуана қарсы алатын ерекше мінезді адам еді. Бауыржан Момышұлы ең жақын досы болатын. Екеуі әркез сырласып отыратын. Ол кезде мен кішкентаймын. Бүгінде қазаққа аты шыққан батырлар біздің үйде қонақ болғанын ойласам, бойымды мақтаныш кернейді»,– дейді Р. Қошқарбаевтың қызы Әлия ҚОШҚАРБАЕВА