Алматылық қариялар агро-краудсорсинг маусымын аяқтады

Almaty.tv
Almaty.tv
Жобаның мақсаты – таза ауада жұмыс істеу арқылы сауықтыру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық қариялар агро-краудсорсинг маусымын аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты іс-шара халықаралық қарттар күніне орайластырылған. Бүгін алажаздай көкөніс егіп, оған күтім жасап, ауыл шаруашылығына араласқан зейнеткерлер ұлықталды. Жобаның мақсаты – қарт адамдарды еңбек терапиясы арқылы белсенді өмірге тарту, таза ауада жұмыс істеу арқылы сауықтыру.

«Жобамыз екінші жыл іске асып жатыр. Жылдан-жылға кәрі кісілеріміз жерді алып, өсімдік өсіріп, табыс алып жатыр. Соған біз өте қуаныштымыз. Әкімшілік қолдаса ары қарай жүзеге асады деп ойлаймыз», – деді Алматы қалалық «белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» басшысы Сауле Бекетаева.

«Агрокраудсорсинг басталғаннан бастап Сауле Станиславқызы жоспарын айтты. Жер алып, айналысатын адамдармен жұмыс істегіміз келеді деп. Бірге еібек еттік. Жүгері, шемішке ектім, биыл бұршақ  ектім.  Онша келістіре алмадым», – деді зейнеткер Перизат Нұржанова. 

Новости партнеров