|
26.02.2019 | 18:56
1711

Онлайн сақтандыру: қаңтар айынан бері 500 онлайн полис рәсімделген

Онлайн сақтандыру клиентке СМС немесе е-майл хабарлама ретінде беріледі

Онлайн сақтандыру: қаңтар айынан бері 500 онлайн полис рәсімделген

Қаңтар айынан бастап елімізде онлайн сақтандыру жүйесі іске қосылды. Сақтандыру полисін электронды түрде рәсімдеу қалай жүзеге асады? Оның тиімді тұстары қандай? Бұл сұрақтардың жауабын Сақтандыру компаниясының қызметкері Гүлназым Райымбекова айтып бермек.

– Гүлназым ханым, онлайн сақтандырудың не екенін, оның қалай жүзеге асатынын айтып өтсеңіз?  

–  Онлайн сақтандыру дегеніміз – әдеттегі қағаз полистің толыққанды аналогы. Ол тек клиентке СМС немесе е-майл хабарлама ретінде беріледі. Клиент қаласа, кез келген сату орталығына келіп, қағаз жүзіндегі растама алуына болады.

– Онлайн сақтандыруға тұтынушылардың қызығушылығы қандай? Жыл басынан бері сіздердің компанияларыңызда қанша адам электронды полис алды?

– Онлайн сақтандыруға алғашқы күндерден бастап клиенттер жүгінуде. Бүгінгі таңда 500-ге жуық онлайн полистер жасалды. Оның жалпы сомасы 7 млн теңгені құрайды. Орташа бағасы 15 мың теңге. Көш бастап тұрған тұрған қалалар – Астана мен Алматы. Жалпы, еліміз бойынша жасалған онлайн полистердің 60 пайызы осы екі қалаға тиесілі.

– Ал сақтандырудың қандай түрлерін онлайн рәсімдеуге болады?

– Сақтандырудың бүгінгі таңда 4 класы бойынша онлайн сақтандыру жүзеге асырылады. Олар: автокөлік иелерінің міндетті сақтандыруы, экологиялық сақтандыру, тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы міндетті сақтандыруы және қауіпті нысандар иелерінің сақтандыруы.

– Электронды полистерді рәсімдеу барысында қандай да бір кедергілер бар ма?  

– Техникалық ахауларға байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Мәселен, тұтынушының жеңілдігі болатын болса, база оны растамаған жағдайда жеңілдігін алмауы мүмкін. Ондай жағдайда біз клиентке ары қарай не істеу керек екенін айтамыз. Жалпы алғанда, электронды полис өте тиімді. Ол тәулік бойы қолжетімді және тұтынушының уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

– Жауабыңызға рахмет!

Тоғжан Жалғасбекқызы, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир