Қарттарым – қазыналарым: Алматыда Қарттар күніне орай тағы бір іс-шара өтті

Бұл орталық Әуезов ауданының үш мыңнан астам зейнеткеріне қызмет көрсетіп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуезов ауданы белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қарттарым – қазыналарым» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарттар күніне орай ұйымдастырылған бұл мерекелік шарада  құттықтау сөздер айтылып, әуезді ән шырқалды. Одан бөлек, скандинавиялық жүріс, психология, кинозеология, сурет салу үйірмелерінің  сабақтары өткізілді. Айта кету керек, бұл орталық Әуезов ауданының үш мыңнан астам зейнеткеріне қызмет көрсетіп отыр.

«Қарттар күні мерекесіне орай  керемет іс-шара өтіп жатыр. Жалпы бұл орталыққа аудан зейнеткерлері асқан қызығушылық танытады. Алдағы уақытта да  жұмыстарымызды сәтті жүргіземіз деп ойлаймын», – деді Әуезов ауданы әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Әсел Жүнісова.

«Орталық өте ұнайды. Бізге лайықты көп-көп сабақ жүріп жатады. Осындай айкүне, скандинавиялық жүріс сияқты, би,вокал, өлең айту адамның көңілін көтеріп», – деді зейнеткер Ақылай Ыбырайымқызы

Новости партнеров