Алматыда 9 балдық жер сілкінісін сезетін құрылғы құрастырылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Құрылғы жылжымалы және оны басқару да оңай
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы жер сілкінісі оқу-жаттығуыларында 9 балдық дүмпуді сездіре алатын құрылғы қолданылмақ. Бұл туралы қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – Алматының Төтенше жағдайлар департаментіне тарту етілген жер сілкінісі симуляторы. Сырт көзге кішкентай ғана дүңгіршектей көрінгенімен, ішінде дайындыққа қажетті барлық зат бар.

Айта кетсек, бұл құрылғы Сәтбаев университетінде жиналған. Жоба авторларының айтуынша, симулятор 9 балдық жер сілкінісін сездіре алады.

– Жоба адамдарды жойқын жер сілкінісіне дайындығын арттыратыны сөзсіз. Төтенше жағдайдан қорықпай, тиісті әрекет етуге үйретеді. Құрылғы жылжымалы және оны басқару да оңай, – деді  Сәтбаев университеті институт директорының орынбасары Мақсат Мырзақұлов.

Симулятордың ішіне қарапайым жиһаздар, үстелдер қойылған.

– Жапонияда осындай симуляторларды қолданады. Оқу орталықтағы бұрын қолданған құрылғы жылмымай бір орында тұратын, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, жылжымалы құрылғы оларға сыйлық ретінде тарту етілген. Жаңа техника көпшілікке таныстырылып, алғашқы тексеруден өтті. Оны оқу-жаттығуларында ұдайы қолдану жоспарланған.

Оразай Нұртайұлы, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қамысты кәдеге жаратуға болады

Новости партнеров