Бір толқында: алматыдық жастар АЭС-тің қауіпсіздігін сөз етті

11.09.2024 23:59

Іс-шара апта сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады

Almaty.tv

Алматыда «Бір толқында» деп аталатын жиын өтті. Апта сайын тұрақты түрде ұйымдастырылатын іс-шара бүгін де «Аманат» партиясы жастар қанатының бастамасымен жалғасын тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Студенттер және ұйым өкілдері басқасуда АЭС-тің елге берер пайдасы мен қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселелерді талдап, ой бөлісті. Экономикаға берер оң әсеріне, сондай-ақ стансаның қауіпсіздігіне қатысты да пікір білдірді.

– Әлемде инвестиция тарту барысында күрес жүріп жатыр. Еліміз тұрақты электр қуатына ие болатын болса, инвесторларды тарту арқылы туризмді, кәсіпкерлікті дамытып, экономикалық артықшылығымызды көрсете аламыз, – деді «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Әкежан Кеңесов.

Оқи отырыңыз: АЭС алғашқы уақытта кем дегенде 30 пайыз электр энергиясын береді - Қасым Елемесов