Астанада биыл 73 бала биіктен құлап, дене жарақатын алған

Almaty.tv
Almaty.tv
Дәрігерлердің айтуынша, 4 бала көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада биыл 73 бала биіктен құлап, дене жарақатын алған. Оның 49-ы терезеден құлаған. Дәрігерлердің айтуынша, 4 бала көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Статистика былтырғыға қарағанда көп. Өткен жылы биіктен құлап, дәрігерлер көмегіне жүгінгендердің саны 70-ке жетпеген. Сондықтан медицина қызметкерлері «балалардың қауіпсіздігіне баса назар аудару керек» деп дабыл қағып отыр.

– Айналдырған 7 айдың ішінде адам шошырлық статистикаға көз жеткізіп отырмыз. Балалар көбіне 4-5-қабаттан құлап, дене жарақатын алған. Сауығып кетуі өте қиын. Ата-аналар терезелерге тор орнатуы керек. Қауіпсіздік туралы ұдайы ескертіп жүру керек, – деді №2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Асылбек Зауырбеков.

Полицейлер 6 айдың ішінде жасөспірімдердің қатысуымен 3 мыңға жуық жол апаты тіркелгенін айтып отыр. Соның салдарынан 126 бала қаза тапқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, балалар ойнап жүрі, көлік жолына шығып кетеді. Сондықтан жауапкершілік ата-ананың өзінде болуы керек.

– Себебі мектеп кезінде полиция қызметкерлері кездесу өткізеді. Ал демалыста олар лагерлерге барады. Бірақ демалыс орнында барлық оқушыны қамти алмаймыз, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында өзенге ағып кеткен екінші баланың мәйіті табылды

Новости партнеров