Дәния Еспаева Екібастұздың еңбек ұжымдарымен кездесті

Дәния Еспаева Екібастұздың еңбек ұжымдарымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өндіріс – экономика өзегі. Ел дамуына  серпін беретін ірі кәсіпорындар жұмысын сенімді түрде жалғастыру керек. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау болуы тиіс. Екібастұзда еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен өткен кездесуде Президенттікке үміткер Дәния Еспаева осынай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Екібастұз – өндірістік қала. Еліміздегі  ірі көмір кешендері мен электр станциялары осында орналасқан.  150 мыңнан астам  тұрғыны бар шахарда  8 мыңнан астам адам кәсіпкерлікпен айналысса, оның басым бөлігі шағын және орта бизнестің үлесіне тиеді. Кәсіпорын басшылары,   бизнес иелері мен қала тұрғындары Дәния Еспаевамен өткен кездесуге арнайы келіп, оның сайлауалды бағдарламасымен танысты.

Кездесуде кәсіпкерлікті дамыту жолдарымен қоса, әлеуметтік жайттар да  көтерілді. Мәселен, тұрғындардың айтуынша мектеп түлектерінің басым бөлігі Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдайды. Оны тәмамдаған соң сол елден бірден жұмыс тауып, қалып қояды. Тұрғындар Президенттікке үміткер Дәния Еспаевадан осы мәселеге назар аударуды өтінді.

«Ресейде техникалық білім беретін оқу орындарын жоғары оқу орны деп санайды. Бұл – бір. Екіншіден, сонда білім алған балалар сол жерде қалып жатыр. Себебі оларды жұмыспен қамтып жатыр. Меніңше, бізде де бұл сұрақты жан-жақты қарастыру керек. Бізге де өз институттарымыздың сапасын көтеру керек»,  – деді үміткер ДӘНИЯ ЕСПАЕВА

Новости партнеров