|
10.04.2024 | 19:20
1406

Су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидасы жарияланды

Атаулы әлеуметтік көмек алатындарға мемлекеттік органдарға жүгінудің қажеті жоқ

Су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидасы жарияланды Almaty.tv

Су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын өтеу қағидалары жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сай, залалды өндіру алгоритмі:

1. Су тасқынынан зардап шеккен адам әкімдікке 30 күн ішінде өтініш беру керек.

2. Жергілікті әкімдік өтініш берушіге оның құжаттары қабылданғаны туралы қолхат береді және арнайы журналға тіркейді.

3. Материалдық залалды өндіру туралы өтініш әкімдікке құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

4. Әкімдік өтініш қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде келтірілген залалды бағалау үшін арнайы маман жібереді.

5. Бағалаушы қорытынды шығарғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қаражат бөлінеді.

6. Зардап шеккендерге төлем тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.

Ал атаулы әлеуметтік көмек алатындарға мемлекеттік органдарға жүгінудің қажеті жоқ.

– Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалалардағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ осы жылдың екінші тоқсанында автоматты түрде ұзартылады. Көмек көрсетуге алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Мадияр Уақпаев.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпарына сай, 97 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 32 мың 735-і бала. Әуе кемелерімен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Абай облыстарына 177 мың 635 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. Төтеншеліктер Жайықтағы судың көтерілуі бақылауға алды.

– Шекаралас мемлекеттердің аумақтарынан су басу қаупі жоқ. Ресейдегі Орынбор облысының Орск қаласында болған жағдай мен БҚО аумағындағы Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі бақылп отырмыз, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш.

Оқи отырыңыз: Алматыдан 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек Атырау облысына жөнелтілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир