Астаналықтар баспанасының көше кезбелер тұрағына айналғанына наразы

twitter.com
twitter.com
«Демеу» орталығына қараусыз қалған 100-ден аса адам орналастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада бір жыл бұрын қолданысқа берілген жаңа тұрғын үй кешені көше кезбелерінің тұрағына айналып барады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қара суықта қараусыз қалғандар осында келуді жиілеткен. Қаңғыбастардың бұл әрекеті жергілікті тұрғындардың үрейін алды. Тұрғын үй кешеніндегі халық баспанамызға емін-еркін кіруден қалдық деп қынжылады.

Осы үйде тұратын Ернар Зейнолааев соңғы күндері жұмыстан келе сала барлық қабаттағы дәлізді тексеріп шығуды әдетке айналдырған. Себебі мұнда көше кезбелері тек түңгі уақытта келеді екен. Ал таңертең олардан қалған қолқаны қабатын иіс апталап кетпей тұрып қалады деп шағымданды.

«Кәдімгі ішіп алған, мас, адам көргісіз, түріменкішкентай балаларды дүкенге жұмсайтындар бар ғой. Не болмаса есік алдына ойнауға шығады, қорқасың. Кім біледі ? Балаға да қауіпті. Полицияға, одан көмек жоқ», – деді қала тұрғыны Ернар Зейноллаев

Суық түскелі бас қалада қаңғыбастар қатары күрт көбейіпті. Бір ғана «Демеу» орталығына қараусыз қалған 100-ден аса адам орналастырылған. Олардың көбі көшеде ес-түссіз жатқан жерінен осында жеткізілгендер. Сарыарқаның сарышұнақ аязы мен қарлы боранында келетіндер саны екі – үш есеге артады екен. Биылдың өзінде жыл басталғалы 1000-нан аса адам орталық қызметіне жүгініпті.

«Көбіне  ішімдік салынып кеткен кісілер келеді. Сосын отбасымен ұрысып қалғандар, әсіресе ер азаматтар отбасынан айырылып, ажырасқандар осы орталықтың қызметіне жүгінеді. Жұмыссыз қалып қойғандар бар. 2-3 күннен соң есін жиып, кетіп қалады», – деді Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметке қосу  орталығының бөлім басшысы Сәуле Әбсадықова.

«Демеуді» паналап келген 100-дің тағдыры әртүрлі. Мұнда қызмет алушылардың көбі – ер адамдар. Бірі, ащы судың арбауынан шыға алмай шөлмекпен достасқандар болса, енді бірі, өмірден орнын таба алмай адасқандар.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы, Астанадан

Новости партнеров