«Жас кәсіпқойлар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі келісілген митингті өткізуден өз еріктерімен бас тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес, «Жас кәсіпқойлар қоғамы» РҚБ-нің төрағасы М. Жиембаевқа Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 4/587 қаулысымен 2021 жылғы 27 қарашада сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов атындағы гүлзарда «Қазақстан Республикасының сот төрелігінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы сот жүйесінің түбегейлі реформасы туралы» тақырыбында митингі өткізу келісілген болатын.
Алайда 25 қарашада ұйымдастырушы М. Жиембаевтан әкімдікке жоғарыда аталған митингіні өткізбейтіндері туралы хабарлама түсті.
«Хабарламада «Жас кәсіпқойлар қоғамы» РҚБ-не және митингінің тақырыбына қатысы жоқ топтар мен азаматтар тарапынан үндеулер таралып жатқаны айтылған. Осыған орай, ұйымдастырушылар арандатушылыққа жол бермеу мақсатында митингіні өткізуден өз еріктерімен бас тартқаны хабарланды», – делінген ақпаратта.