Жаңа платформа заңсыз құрылыс нысандарын жоюға бағытталған
Қазақстанда құрылысты онлайн бақылайтын «eQurylys» ақпараттық жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа платформа заңсыз құрылыс нысандарын жоюға бағытталған. Бастаманы бүгін мәжілісмендер жұмысқа алды. Маңызды құжатта сәулет нысандарын пайдаланудың кепілдік мерзімін ұзарту қарастырылған. Шектеулі мерзім 2 жылдан 5 жылға дейін деп белгіленіп отыр. Қазақстандықтар бірыңғай база арқылы үй құрылысының қалай жүріп жатқанын онлайн бақылауға мүмкіндік алады.
– Жаңа Құрылыс кодексі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жүйелі механизмді белгілеуге, құрылыс процесінің барлық кезеңін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін «eQurylys» ақпараттық жүйесін енгізуге, құрылыс саласындағы рұқсаттардың бірыңғай тізілімін бекітуге, сәулет, құрылыс қызметіне қоғамдық бақылауды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ заң жобасында құрылыс сапасын арттыру, құрылыс объектілерін пайдаланудың кепілдік мерзімін 2 жылдан 5 жылға ұлғайту қарастырылған, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов.
Оқ отырыңыз: Электромобиль иелеріне ақысыз тұрақ беру ұсынылды