Қарғын су: құжаты жоқ малдың шығыны қалай өтеледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Табиғи апаттан қырылған төрт түліктің саны 10 мыңға жуықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орал қаласында суға кеткен 300-ге жуық саяжай үйіне техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Cу тасқыны басталғалы бері елде 10 мыңға жуық мал басы қырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен 3 мың 740 отбасы бір реттік төлем алды. Оларға бөлінген қаржы көлемі 1 миллиард 380 миллион теңгені құрайды. Құлсарыда 686 тұрғын әлі эвакуациялық пунктте қалып отыр. Ал табиғи апаттан қырылған төрт түліктің саны 10 мыңға жуықтады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров олардың 98 пайызының көзі жойылғанын айтты.

– Шығынды өтеуге қатысты алгоритм бар. Штаб құрылған. Ережеге де кіргізіп жатырмыз. Қағаз құжаттары бюджеттен төленетін болады. Ал қағаз құжаттары жоқ болса, демеушілер есебінен төлейміз, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Министрдің сөзінше, осы күні 4 мың 801 бас малдың шығыны өтелген. Оның құны 1 миллиард 198 миллион теңгені құрайды. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, құжаты жоқ малдың шығыны да өтеледі.  

– Қағаз құжаты тіркелмесе, 3 куәгер болуы керек. Көршілері, жергілікті полиция өкілі, окург әкімі дәлелдейді. Сосын қағаз құжатын толтырады. Демеушілер төлеп жатыр. Қарағандыдағы шығын толық өтелді. Ақтөбе, Қостанайда жұмыс жүргізіп жатыр, – деді  Айдарбек Сапаров.

Су тасқыны басталғалы бері құтқарушылар 138 мың бас малды аман алып қалған.

Айта кетейік, су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында  Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық тудыруда.

Өмір Серікбекұлы, Нұрлан Өтегенов, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілді

Новости партнеров