|
23.04.2019 | 19:24
9953

Алатау ақиығы Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл

Алатау ақиығы Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл

Бүгін «Алатау» дәстүрлі өнер театрында халық ақыны, қазақтың әншілік-жыршылық өнерінің көрнекті өкілі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерінің ұрпақтарымен кездесу және «Алатаудың ақиығы» атты деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар, мерекелік шара аясында ақынның ұлы Бақытжан Кененұлының монографиясының тұсауы кесілді. Тыңдаушысының құлақ құрышын қандырған әнші, таңды-таңға жалғаған жыршы, халықтың рухани ұйытқысы болған Кенен Әзірбаевтың жүзден астам әні, өлең-жырлары, дастандары ұлт қазынасына қосылған.

«Бұл рухани шаралар тізбегі Астанада «Сарыарқаға саяхат» деген бағдарламамен бастау алған болатын. Содан бір ай ішінде Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Қарағанды қалаларында болдық. Бағдарламаның екінші бөлімі «Туған өлкем – Жетісу» деп аталады», - деді Қазақстан жазушылар одағы мен журналистер одағының мүшесі Бақытжан КЕНЕНҰЛЫ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир