Алматы облысында жемқорлыққа қарсы қандай іс-шаралар жүргізілуде

qarmaqshy-tany.kz
qarmaqshy-tany.kz
Бұл бойынша арнайы жоба енгізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді кез-келген азамат жемқорлықпен күресуге атсалыса алады. Осылайша Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жұмыс істеу аясын кеңейтпек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сәйкесінше жемқорлық фактісін анықтауға атсалысқысы келетін қоғам белсенділері мен блогерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі бүгін Алматы облыстық жемқорлықпен күресу қызметінің кеңсесінде кездесу өткізді. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдік тудыратын мекемелер мен нысандарды тексеру бойынша еріктілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер» деген жоба енгізілді. Бұл жобаның мақсаты неде? Қоғамдағы барлық белсенді азаматтарды, ол бизнес тарапынан болсын, мемлекет тарапынан болсын, квазимемлекеттік сектор тарапынан болсын, жалпы белсенді азаматтарды жинап, сыбайлас жемқорлық дейтін індетке қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру. Індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру. Еріктілерге ешқандай шектеу талаптар жоқ», – деді Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Бекінов.

Ел президенті «Еріктілер жылында» елеп өткен бұл жоба, Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес агенттігінде де үш апта бұрын бастау алған. Қазір Алматы облысы бойынша жарлықпен танысып іріктелген 25 ерікті тіркеуде тұр.

«Өзім осы үш апта ішінде қасымдағы ерікті жастармен бірге 2-3 нысанға барып, осы шараның бас-аяғында болдым», – дейді ерікті Балжан Досалы.

Новости партнеров