Алматының Наурызбай ауданында Конституция күніне орай көпбалалы аналар марапатталды. Олардың қатарына 4 «Алтын алқа» және 10 «Күміс алқа» иегері қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ іс-шара барысында ауданның дамуына әр салада үлес қосып жүрген мамандарға Құрмет грамотасы табысталды. «Алтын» құрсақты әйелдер қазақстандықтарды Ата заң күнімен құттықтады.
– Конституция күнімен құттықтаймын! Сегіз баланың анасымын. Наурызбай әкімшілігіне алғыс айтамын, – деді «Алтын алқа» иегері Айгүл Менаяқова.
– «Күміс алқа» иегері атанып, марапатталып жатырмыз. Барша қазақстандықты Конституция күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бейбітшілік заманда өмір сүрейік! – деді «Күміс алқа» иегері Зәуре Күренкеева.
Оқи отырыңыз: Алматыда ҚР Конституциясы күні қалай өтеді