Аида Балаева Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Министрдің мәліметінше, жаңа заң балаларға арналған контентті қолдайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде жастарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың өрісі кеңейіп, ауқымы 1,5 есеге артқан. Биыл мұндай қызмет түрін 5,5 миллионнан астам адам алыпты. Мұндай ақпаратты Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство басшысымен кездесуге облыс тұрғындары мен мәдениет, киноиндустрия саласының мамандары қатысып, маңызды мәселелерді қозғады.

– Жан-жақты бағыттағы кинолар аз. Бәрі комедия болып кеткен, я болмаса, ашаршылық немесе зорлық-зомбылық сынды тақырыпты қамтыған. Келесі жылдан бастап сценарийлер байқауын жариялаймыз. Ол 10 бағытта болады, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Аида Балаева журналистер қауымымен жүздесті. Ондағы әңгіме «Масс-медиа» туралы заң жобасы жайлы өрбіді. Министрдің мәліметінше, жаңа заң бұқаралық ақпарат құралдары үшін қауіпсіз ортаны құру, балаларға арналған контентті қолдау сынды маңызды мәселелерді қамтымақ.

– Заң қазір керекті экспертизадан өтіп жатыр. Барлық мемлекеттік органдар қорытындысын бергеннен кейін, заңның нормалары анықталады. Барлық көкейкесті мәселелерге 114 түзету енгізілді. Экспертиза аяқталғаннан кейін, арнайы топ жиналып, заң жобасының тетіктерін тағы қараймыз, – деді Аида Балаева.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жүзден астам отбасы далада қалуы мүмкін

Новости партнеров