|
25.11.2022 | 19:09
3784

Алматыда Cyber Games киберспортынан турнир өтеді

Турнирдің жүлде қоры демеушілер есебінен 3 000 000 теңге.

Алматыда Cyber Games киберспортынан турнир өтеді

Алматы қаласында алғаш рет Cyber Games киберспортынан екі күндік турнир өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жарыс үш пән бойынша өтеді: Dota2, Counter Strike, Global Offensive және FIFA 22. Оған Adren, Acoolfifa, MuMino, Keen, Aigera Dunamis, Nigmaabq жетекші стримерлері және Hakim Мukaram, Еssentay, Shakesh, Аsylromeo блогерлері қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Almaty Cyber Games 2022 жай ғана турнир емес, цифрлық ойын-сауық индустриясының нағыз фестивалі болмақ. Жаңа жастар киберспорт қозғалысының білгірлері мен жанкүйерлерін қызықты тимфайттер, косплей-шоулар, демеушілерден сыйлықтар ұтыс ойындары, шақырылған атақты қонақтар және т. б. күтеді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры демеушілер есебінен 3 000 000 теңге. Турнирді Алматы қаласы цифрландыру басқармасының қолдауымен iPlay eSports киберспорт платформасы ұйымдастырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир