Қазақстанда Конституциялық сот жұмысын қашан бастайды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұсынылған заңдар халық пен билікті байланыстыруға бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық сот жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл қаңтардан кейін Мемлекет басшысы елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертуге кірісті. 50-ден астам заңды реттеуді ұсынып, жазда бүкілхалықтық референдум өткізді. Ұсынылған заңдар халық пен билікті байланыстыруға бағытталып, әділетсіздікке тап болған азаматтардың мәселесін жедел шешуге арналған еді. Конституциялық сот болып өзгеретін қазіргі кеңес осындай күрмеуі қиын мәселелердің түйінін тарқататын болады. Яғни, енді кез келген қазақстандықтың осы Конституциялық сотқа жүгінуіне мүмкіндік туып отыр. Заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов қаңтар оқиғасы осындай заңдарды қабылдауға мүмкіндік бергенін айтты.

«Биылғы қаңтар оқиғасы қайталанбайды деп ойлаймын. Оған көп себеп болды. Қазір алдын алып, проблемалар шешіліп жатыр. Көптеген заң қабылданып жатыр», – деді заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов.

Маманның айтуынша, референдумда қабылданған өзгерістер әділ Қазақстан қағидасына тура келеді. Сондықтан конституциялық өзгерістерді жұдырықтай жұмылып бірге іске асыру қажет.  Ал Сенат депутаты Серікбай Тұрымов қасыретті қаңтар демократиялы қоғамның бар екенін көрсетті деп отыр.  

«Қаңтар оқиғасы біраз мәселенің басын ашты деп айтуға толық негіз бар. Сондықтан осыдан кейінгі Мемлекет басшысының өзі де айтты, осы экономикалық жағдайға ғана емес, саяси мәселелерге де мән беруіміз керек», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серікбай Тұрымов

Депутаттың сөзінше, қазіргі кезде ең бірінші бейбітшілікті ойлау керек. Реформаларды қолдап, қабылданып жатқан заңдардың жұмыс істеуіне бірге атсалысқан абзал.

Өмір Серікбекұлы, Данияр Омар, «Алматы» телеарнасы, Астана

Новости партнеров