Әдеп нормалары: Алматыда семинар-кеңес өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Әдеп нормалары жан-жақты қызу талқыланып, сұрақтарға тұщымды жауап берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Мемлекетік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент ұжымы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде семинар-кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күн тәртібінде, Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әдеп нормалары жан-жақты қызу талқыланып, сұрақтарға  тұшымды жауап берілді.

Сұрақ-жауап барысында, лудомания мәселесі талқыланды. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта ойын құмарлыққа салынбауы бойынша, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі айтылды.

Ұжымдағы моралді-психологиялық ахуалдың жағдайын анықтау мақсатында анонимді түрде сауалнама жүргізіліп, департаменттің әдеп жөніндегі уәкіліне орындау үшін тапсырылды.

- Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейтін және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтатын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыратын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған шаралар кемінде тоқсанына бір өткізіліп отыру керектігі ескертіліп, түсіндіру жұмыстары алдағы уақыттарда жалғасын табатын болады, - деді ҚР Мемлекттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Бақылау басқармасының бас маманы Қошатаев Сәбит Рысбекұлы.

Оқи отырыңыз: Ұлттық госпиталь жанындағы кешкі емхана жұмысын бастады

Новости партнеров