Алматыдан Атырау облысына гуманитарлық көмек жөнелтілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Алмалы ауданында ашылған қабылдау пункті жұмысын жалғастырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдан Атырау облысына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабалайды Almaty.tv

Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар мен тұрмыстық жабдықтар бар. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысқан. Волонтерлердің айтуынша, осы жолы өңірлер гигиеналық заттар, қайықтар мен моторлар сұратыпты. 

– Әр өңірде волонтерлердің офисі бар, қабылдап алып жатыр. Сонымен қатар тасымалдау жолдары, әуе ұшақтары тегін. Фурамен жіберіп жатқан көмекті Атырау облысының белсенді жастары тегін жеткізуге ниет білдіріп, алып кетіп жатыр, – деді қалалық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Бағдат Анарбаева.

Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын жалғастыра береді. Онда қаланың 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымынан 100-ден астам ерікті жұмылдырылған. Игі іске қаладағы университеттер, кәсіпорындар да қосылып жатыр.

– Абай атындағы ҚазҰПУ студент жастары 2 күндік қайырымдық жәрмеңкесін жасадық. Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қиын-қыстау кезде көмектесеміз деп шештік, – деді Абай атындағы ҚазҰПУ Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Райымбек Пірәлі.

Оқи отырыңыз: Құлсарыдан Маңғыстау облысына қоныстанған 130 бала өңірдегі мектепте білім алмақ

Новости партнеров