Алмалы ауданында ашылған қабылдау пункті жұмысын жалғастырады
Алматыдан Атырау облысына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабалайды Almaty.tv
Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар мен тұрмыстық жабдықтар бар. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысқан. Волонтерлердің айтуынша, осы жолы өңірлер гигиеналық заттар, қайықтар мен моторлар сұратыпты.
– Әр өңірде волонтерлердің офисі бар, қабылдап алып жатыр. Сонымен қатар тасымалдау жолдары, әуе ұшақтары тегін. Фурамен жіберіп жатқан көмекті Атырау облысының белсенді жастары тегін жеткізуге ниет білдіріп, алып кетіп жатыр, – деді қалалық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Бағдат Анарбаева.
Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын жалғастыра береді. Онда қаланың 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымынан 100-ден астам ерікті жұмылдырылған. Игі іске қаладағы университеттер, кәсіпорындар да қосылып жатыр.
– Абай атындағы ҚазҰПУ студент жастары 2 күндік қайырымдық жәрмеңкесін жасадық. Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қиын-қыстау кезде көмектесеміз деп шештік, – деді Абай атындағы ҚазҰПУ Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Райымбек Пірәлі.
Оқи отырыңыз: Құлсарыдан Маңғыстау облысына қоныстанған 130 бала өңірдегі мектепте білім алмақ