Жаз басталғалы Қазақстанда 45 адам суға батып кеткен
Жаз басталғалы Қазақстанда 45 адам суға батып кеткен. Оның 14-і бала, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдайлар министрлігі берген ақпарда сондай-ақ жалпы 69 адамның құтқарылғаны айтылады. Өкініштісі, рұқсат етілмеген жерлерде шомылатындардың көбі – кәмелет жасына толмағандар екен.
Апатты жағдайдың алдын алу үшін бүгін алматылық төтеншеліктер қауіпті су қоймаларының маңында рейд жүргізді. Мұнда да су жағалап, шомылмақ болғандардың дені – жасөспірімдер. Алғашында жадынама таратылып, ескертпе жасалғанымен, мамандар тәртіпбұзушылық анықталса, мұндай әрекет әкімшілік құқықбұзушылық болып есептелетінін ескертеді.
«Тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін құқық бұзушыға 7 АӘК айыппұл салынады. Егер ішімдік ішкен болса, 440-бап бойынша 5 АӘК айыппұл салынады», – деді Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Есбол Сұлтанов.
Оқи отырыңыз: Елімізде су тапшылығы мәселесі неге азаймай тұр