Қазақстаннан көлікпен көмір шығаруға тыйым салына ма

20.09.2022 00:16

Шектеу шарасы келер жылдың ақпан айына дейін созылады

Ашық дереккөз

Бүгіннен бастап Қазақстаннан көлікпен көмір шығаруға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күшіне енген шектеу шарасы келер жылдың ақпан айына дейін созылады. Бұл шешім өткен қыстағыдай қатты отын тапшылығын болдырмау үшін қабылданып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жылыту маусымы алдында шекаралас облыстар мен көрші елдерге экспорттау фактілері анықталған. Сол себепті осындай шара қолға алыныпты.

«Жамбыл облысынан былтыр 1 млн 128 мың тонна көмір шығарылған. Оның 1миллионнан астамы темір жол көлігімен шығарылса, қалған 123 000 тонна көлікпен шығарылған.  Сол фактінің бәрін комиссияға жібердік. Сол талқылаудан өтті. Нәтижесі бойынша олар оң баға берді. Яғни, осындай фактілер болса, шектеу қажеттігін көрсетті», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басқарма басшысы Жанат Игісінов.