Құс тұмауы: Алматы облысында бір күннің ішінде 60 мың құс арам қатқан

Құс тұмауы қай құс фабрикасында анықталды?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында құс тұмауын жұқтырған қанаттылардың саны күннен-күнге өсіп жатыр. Бір күннің ішінде 60 мың құс арам қатқан. Мамандар қазір кеселдің салдарын анықтап, зерттеу жұмыстарын жасап жатыр. Фабрикада құс тұмауы 27 қазанда анықталған. Індет ошағына айналған жерден тауық өнімдері соңғы рет қашан сыртқа шығарылды? Жақын орналасқан ауыл тұрғындары не дейді? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын толығырақ айтады.

Алматы облысындағы құс тұмауы дәл осы фабрикада анықталған. Қазір аймақ толығымен карантинге жабылған. Осыдан бір күн бұрынғы ақпар бойынша құс тұмауынан 120 мың құстың өлгені белгілі болса, қазір ол көрсеткіш 182 мыңға дейін өскен.

Қарасай ауданы әкімдігі қазір мұнда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр деді. Бірақ фабриканың маңайы тып-тыныш. Алайда көлік тұрағы лық толы. Аймақ карантинге жабылғаннан бөлек, есік аузында күзетшілер де көбейген. Ішке түсірілім тобы тұрмақ, жан баласын кіргізбейді. Кәсіпорын басшысынан сұхбат алмақ болып едік, қарауыл іште ешкім жоқ деді.  

Фабрикада 645 мыңнан астам құс бар екен. Алдағы уақытта олардың барлығын жою жоспарланаған. Ол үшін арнайы криматорий пешіне өртеп кейіннен шұңқырға салып көметін көрінеді. Аудандық ветеринариялық инспекция басшысының орынбасары осылай дейді. Қазір құс тұмауының қайдан және қалай шыққаны зерттеліп жатыр.

«Мысалы, қазір құстар Солтүстіктен Оңтүстікке ұшып жатыр. Сол кезде фабрикалардың аумағына келіп қонады. Кейде фабрикадағы жем дайындайтын жерлерге барып қонады. Сол жағдайларда жұғуы мүмкін деп отырмыз», – деді облыстық ветеринариялық инспекция басшысының орынбасары  Мұрат Комондиров.

Иә, бұл болжам ғана. Індет ошағына айналған кәсіпорынның жанында екі құс фабрикасы мен бірнеше елді мекен бар. Үйінде құс өсіретін ауыл тұрғыны да көп. Алайда мамандар бұған дейін облыста 2 млн-нан астам құсқа вакцина егілгенін айтты. Ал, жергілікті тұрғындар, кешкілік уақытта құстың сасыған қолаңса иісінен демалу мүмкін еместігін айтады.

БЛИЦ:

- Құстың сасық иісі деген сұмдық. Кешкісін шығара ма білмеймін құстарды, кешке иісі жаман шығады.

- Құс тұмауын естіп жатырмыз ғой, бірақ өзіміз қауіпті байқаған жоқпыз бұған дейін. Жұмыртқаны мына дүкеннен аламыз ғой, бірақ қауіп туралы есітіген жоқпыз.

Алып кәсіпорын қазір өнімін елімізден бөлек, шет елдерге де тасымалдайды. Фабрикадан соңғы өнім сыртқа 27 қазан күні шығарылған. Алғашқы құс өлімі де осы күні тіркелген екен. Шетінен арам қатып жатқан қанаттыларды байқаған кәсіпорын басшылығы бірден дабыл қағыпты.  

«Сынамаларын алдық, клиникасын көрді. Зерттеу қорытындысы шықпай тұрып, біз оларға айттық өнімдеріңді сыртқа шығармайсыңдар деп. Өйткені күдік болғаннан кейін, өнімдерді шығаруға шығаруға болмайды ғой. Ал, оғанға дейінгі сыртқа шығып кеткен өнімдерді фабрика басшысының айтуынша, ол шығарылған өнімдерді қайтарып алыпты», – деді Марат Жақсыбаев.

Қарасай ауданы ветеринариялық қадағалау және бақылау инспекциясының басшысы

құс тұмауы жұқса, оның өнімін пайдалану адам азғасы үшін зиян. Десе де сол құстың жұмыртқасын 100 градуста 4-5 минут қайнатса, аса қауіп жоқ дейді мамандар. Айта кетейік, жоғары потогенді құс тұмауынан осыған дейін еліміздің жеті облысында 870 мыңнан астам қанатты қырылған.

Ұлағат Арғын, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров