Думан шағынауданының тұрғындары шұрық-тесік жолдан шаршағандарын айтып шағымданды

Думан шағынауданының тұрғындары шұрық-тесік жолдан шаршағандарын айтып шағымданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауданымызға балалар ойнайтын алаңқай мен стадион керек. Медеу ауданындағы № 64 мектеп маңында тұратын тұрғындар осылай дейді. «Аудандық әкімдікке бұл мәселемен бірнеше жыл қатарынан шағымдансақ та, әлі күнге дейін нәтиже шыққан жоқ»,–  дейді жергілікті жұр Almaty.tv тілшілеріне хабарласып.

Сондай-ақ олар Медеу ауданына қарасты Думан шағынауданының тұрғындары шұрық-тесік жолдан шаршағандарын жеткізіп, әкімдіктен тезірек тегіс жол жасап беруін сұрайды.

«Жол өте нашар. Көліктердің дөңгелегінен дөңгелек қалмады. Мен 4 бағыттағы автобус жүргіземін. Жолдар түгел шұрық- тесік. Медеу әкімінен Думанның жолын қашан жөндейтінін сұрағымыз келеді. Өзі келіп, ауданды араласа ғой, барлығын өз көзімен көрер еді», – дейді аудан тұрғындарының бірі.

Думан шағынуданының тағы бір тұрғыны да оған қосылып, аудан әкімі тым құрыса нақты бір кезді атаса, жолымыз қашан жөнделетінін біле жүрейік те дейді ашына.

«Емхана аумағы өте үлкен, мұнда балаларға арналған ойын алаңын, тіпті №64 мектепке арнап стадион салса да жетеді. Ал жол жөндеу мәселесі бойынша, үш жыл болды, бармаған жеріміз, қақпаған есігіміз қалмады, бірақ әкімнің қыңқ етер түрі көрінбейді», – дейді келесі бір тұрғын.

Айта кетейік, ақыры әкімге тұрғындардың бұл сауалы жететін болды. Алдағы бейсенбі сағат 19:30-да Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов тікелей эфирде «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасында осы сұрақтарға жауап береді. Аудан тұрғындары мазалаған сұрақтарын қазірден бастап «Алматы» арнасының ресми сайтында қалдырып, уатсап қосымшасы арқылы жазбаша, аудио және бейне жазба ретінде жіберсе де болады. Сонымен қатар, тікелей эфир кезінде студияға қоңырау шалу арқылы да сауалдарыңызға жауап ала аласыздар.

Новости партнеров