|
08.02.2023 | 19:23
1475

Еліміздегі белсенділер түрік ағайындарға киіз үй жөнелтпек

Игі бастамаға 12 миллион теңге жиналған

Еліміздегі белсенділер түрік ағайындарға киіз үй жөнелтпек Фото: almatycrafts.kz

Зілзаладан зардап шеккен түрік ағайындарға 100 киіз үй. Елдегі белсенді азаматтар осындай ұсыныс білдіріп, ауқымды науқанды бастап кетті. Игі бастамаға қазірдің өзінде 12 миллион теңгедей қаржы жиналған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған 30-ға тарта боз үй сатып алуға болады. Темір шарбақты киіз үйдің құны шамамен 500 мың теңгеден асады. Егер жұрт жұмыла жиналса, бұл санды 100-ге жеткізуге мүмкіндік бар дейді науқанның басы-қасында жүргендер. Еріктілер еліміздің түкпір-түкпірінен Түркияға гуманитарлық көмек жинауды бастады. Халық қол ұшын қаржылай аударым жасап немесе киім-кешек, көрпе-жастық секілді қажетті заттарды сатып алып беруіне болады.

«Дәл қазір «үй құламайды, қауіпсіз» деген психологиялық көмек керек болып тұр. Қазақтың киіз үйі осындай баспанаға жатады.  Сүйегі жеңіл, қирамайды, сөгілмейді. Өзгелер кәдімгі палатка, басқа да заттар  жіберетін шығар. Ал Қазақстан тарапынан киіз үйді көптеп жіберсек, қиын жағдайда түрік ағайындарға қолдау болады. Көмегіміз «ата жұрттан көмек келді» деген астарлы салмақ арқалайды», – деді журналист Нұрбек Бекбау.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир