|
12.09.2024 | 19:24
201

Биыл генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев 85 жасқа толады

Алматыда мерекелік концерт өтті

Биыл генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев 85 жасқа толады Almaty.tv

Алматыда генерал-полковник, бұрынғы Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаевтың 85 жасқа толуына орай мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет қайраткеріне арналған іс-шара Республика сарайында ұйымдастырылды. Оған ардагердің жора-жолдастары, әскерилер мен студенттер қатысты. Қызметтес болған әріптестері Сәт Бесімбайұлына ізгі тілегін жолдап, оның қызмет жолында өз ісіне жауапты, темірдей тәртіп орнатқан басшы екенін тілге тиек етті.    

– Сәт Бесімбаеұлы 3 жыл Қорғаныс министрі болды. Сол уақытта үлкен жұмыс істеп, армиямызды көтеріп, әскери округті ашты. Әскерге өте жақсы көңіл бөліп, тәртіп орнатты, – деді  «Офицерлер одағы» ҚБ президиумының төрағасы Махмұд Телеғұсов.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлына Президент Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылған. Ол бұл мәртебені елге сіңірген орасан зор еңбегі үшін иеленді. Генерал-полковник бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып, Ұлттық ұланның қолбасшысы әрі Қорғаныс министрі, сондай-ақ Парламент мәжілісінің депутаты да болған.

Оқи отырыңыз: Тұлғаға тағзым: Алматыда қысқаметражды фильмдер байқауы өтті



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир