«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты

Almaty.tv
Almaty.tv
1100 адам жұмыссыз қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Басынан дау арылмаған «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның себебі қордағы алтын руда таусылды. Ал жер астында жатқан 1 млн тоннадан аса шикізатты шығаруға рұқсат жоқ. Өйткені 4 қаңтардағы апаттан соң шахталарда жұмыс істеуге тыйым салынған. 

Қазір фабрика қызметкерлері еңбек демалысында. Кәсіпорынның басшылығы «бір жарым айдан бері жұмысқа шықпаған олардың тағдыры санаулы күнде шешіледі» дейді. Әзірге жұмыссыз қалғандардың жалпы саны 1100-ге жеткен. 

Айта кетейік, осыдан 45 күн бұрын аталған фабрика аумағында топырақ опырылып, 4 адамы бар автобус шыңырауға түсіп кеткен еді. Екі құтқарушының денесі шығарылып, қалған екі адамды іздеу әлі жалғасып жатыр.

– 2024 жылдың 22-23 ақпанында жоспарлау бойынша фабриканың жұмысы тоқтатылады. Бүгінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыскерлер 50 пайыз жалақы алады, – деді облыстық Еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров.

Оқи отырыңыз: Ұлытауда мүгедек жандардың зейнетақысын ұрлаған мекеме басшысы сотталды

Новости партнеров