Елімізде қандай әлеуметтік жәрдемақылар өседі

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірінші шілдеден бастап екі бірдей әлеуметтік жәрдемақының көлемі 14,5 %-ға өседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбек министрлігінің ақпарына сай, бұл мақсатқа қосымша 41 млрд теңге бөлінген. Биыл жалпы сомасы 1,8 трлн теңгеге 3,5 млн отбасы үшін әлеуметтік төлемдер қарастырылған екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға көп. 2023 жылдың төртінші айында әлеуметтік жәрдемақылар немесе төлемдер 2 млн 653 мың отбасына тағайындалыпты.

«Мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде балалардың медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, бюджет есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-техникалық құралдармен, орындық, санаторий-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекші және ым-ишара тілі мамандарының қызметімен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарға 400 мыңға жуық тауар мен қызмет ұсынылады. Биыл бұл мақсатқа 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

Министрлік мәліметінше, 1 шілдеден бастап 7 бала тәрбиелеп өсірген аналардың жәрдемақысы 25 мың 530 теңге болады. Мұндай сома ай сайын өмір бойы «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге беріледі.

«Бүгінгі таңда 6 немесе одан да көп бала туып, тәрбиелеп отырған аналардың жалпы қаражаты мемлекет тарапынан бюджетте көрсетілген. Ал 7 бала тәрбиелеп өсіріп отырған аналарға 1 шілдеден бастап жәрдемақының мөлшері 7,4 АЕК немесе 25 530 теңге», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Оқи отырыңыз: Бала құқықтары жөніндегі уәкіл атқарған қызметі туралы Президентке есеп берді

Новости партнеров