|
07.06.2023 | 19:26
2592

Мінсіз суреттер мен жаңа мүмкіндіктер. HUAWEI Device Kazakhstan компаниясы тұтынушыларды жаңа өніммен қуантпақ

Жаңа өнім ұялы байланыс орнатып қана қоймай, денсаулық пен спорттық көрсеткіштерді жоғары дәлдікпен көрсетеді

Мінсіз суреттер мен жаңа мүмкіндіктер. HUAWEI Device Kazakhstan компаниясы тұтынушыларды жаңа өніммен қуантпақ Almaty.tv

Ұялы телефонға түсірілген мінсіз суреттер мен жаңа мүмкіндіктер. HUAWEI Device Kazakhstan компаниясы өз тұтынушыларын жаңа өніммен қуантпақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол – ерекше дизайнмен жабдықталған HUAWEI P60 және P60 Pro смартфондары. Жаңа өнім ұялы байланыс орнатып қана қоймай, денсаулық пен спорттық көрсеткіштерді жоғары дәлдікпен көрсетеді.

Бұл – биылғы су жаңа әрі түрлі техникаға толы HUAWEI смартфондары. Көпшілікті ұялы телефонның сыртқы көрінісі таңқалдырған. Диаметрі 74,5 болатын телефонда заманауи функциялардың барлығы қолжетімді. Қазақстан нарығында фирмалық операциялық жүйесімен жұмыс істейтін алғашқы смарт өнім. Телефонның қуаты да ұзақ уақытқа жетеді.  

«Жаңа смартфондардың ерекшелігі – өзге телефонға ұқсамайтын дизайнында. Өздеріңіз байқағандай телефон кітапша сияқты ашылып-жабылады. Одан бөлек, физикалық диафрагма, жоғары өткізгіш коэффициент линзаларында. Мұндай өнім біздің компанияда бұрын-соңды шықпаған», – деді HUAWEI компаниясының менеджері Қуат Абай.

Компания қызметкерлері ұялы телефонға түсірілген суреттерден арнайы фотокөрме ұйымдастырды. Ол Алматы қаласында Жібек жолы көшесі бойындағы Арбат саябағында орналасқан. Көзтартар бұл суреттердің авторы кәсіби фотографтар.

«Өз жұмысымда көбіне смартфонды қолданамын. Бұл суретті жылдам өңдеуге, оның сапасын жақсартуға және өзгелерге түрлі месенджер арқылы тез жіберуге ыңғайлы. Huawei компаниясы ұсынған жаңа ұялы телефонда кәсіби фотографтарға қажетті барлық функция бар», – деді фотограф Дарья Дунич.

Кәсіби фотографтар түсірілім кезінде Алматының көрікті жерлерін арнайы таңдаған. Айтуларынша, суретке түсіру кезінде түнгі мезгіл де кедергі болмаған. Камера қараңғы түнек кезінде де өз функциясын автоматты түрде іске қосып, көріністі қаз қалпында таспалайды екен.  

«Маған енді өзіммен бірге салмағы ауыр, үлкен камера ұстап жүрудің қажеті жоқ. Себебі Huawei компаниясы ұсынған жаңа ұялы телефон кәсіби фотоаппараттан асып түспесе кем емес. Маған әсіресе таудың табиғатына жасаған түсіріліміміз қатты ұнады. Шағын қалта телефоны алыс қашықтықтағы көріністерді мінсіз түсіруге мүмкіндік береді», – деді фотограф Виктор Магдеев.  

Жаңа телефондардың сатылымы 9 маусым күні басталады. Жаңа техника қара, жасыл және сүр түсте шығарылады. Алғаш болып сатып алған тұтынушыларға арнайы сыйлықтар да табысталады екен. Сондықтан қызметкерлер Huawei компаниясы ұсынған сый-сияпаттан құр қалмауға шақырады.

Ұлағат Арғын, Сағындық Нарықов, «Алматы» Телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир