Алматыда IT-стартап жобаларға кәсіпкерлер қанша қаржы құйды

Almaty.tv
Almaty.tv
Отандық технологтар дайындаған 8 жобаға шетелдіктер қызығушылық танытып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда IT-стартап жобаларға кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғары. Биыл жас технологтардың түрлі бастамасына инвесторлар 6 млн 300 мың АҚШ долларын құйған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Серік Алпысбайұлының айтуынша, бұл – қомақты қаражат. Қалада бірнеше жұмыс орындарының құрылуына және түрлі салада инновациялық жобалардың көбеюіне мүмкіндік бермек. Сондай-ақ жауапты маман мегаполистегі «қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Жыл соңына дейін қалада бейнебақылау камераларының санын 40 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Алдағы жылы оны 50 мыңға дейін көбейтпекпіз. Бұл жұмыспен жекеменшік компаниялар айналысады. Олардың көп болғаны жақсы. Себебі олардың арасындағы бәсекелестік арттарады, – деді Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Серік Байғанин.

Сондай-ақ брифингте Алматыда 3 жылға арналған стартап эко-жүйенің жұмыс барысы туралы айтылды.

Еске салсақ, 2022-2025 жылдарды қамтитын бағдарлама өткен жылы қабылданған. Білікті мамандар IT саласында түрлі жобалар дайындап, нарыққа шығарып жүр.

Атап айтсақ, білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік бағыттарда жетістік көп. Бүгінде отандық технологтар дайындаған 8 жобаға шетелдіктер қызығушылық танытып отыр.

– Біздің жұмыстарға қала әкімдігі үлкен қолдау көрсетіп келеді. Одан бөлек, қаладағы бірнеше бизнес иесі бізге демеушілік етеді. Нәтижесінде жыл басынан бері Алматыда IT-саласында 665 жұмыс орны құрылды. Қызметкерлеріміз жыл сайын шетелге шығып, білікті мамандардың шеберлігінен өтеді, – деді жекеменшік компания өкілі Павел Коктышев.

Оқи отырыңыз: Tech Cup 2023: екі мыңға жуық жас өнертапқыш бақ сынасты

Новости партнеров