Алматыда сотталғандар мүмкіндігі шектеулі жандарға сеп болып жүр

Almaty.tv
Almaty.tv
Шараны ұйымдастырған қоныс колониясының әкімшілігі бұл сотталғандардың жүрегіне мейірім ұялатады дейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаладағы ЛА 155/13 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандар қайырымдылық акциясын бастады. Бүгін олар жол апатында зардап шегіп, кембағал атанған әжейдің үйіне көмектесуге барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Тіпті өзі өтініп сұраған соң жөндеу жұмыстарын да бастап кетті. Ал шараны ұйымдастырған қоныс колонияның әкімшілігі бұл сотталғандардың жүрегіне мейірім ұялатады дейді. Айта кетейік, қайырымдылықты шалыс басқандардың өздері ұсынған.

«Мен мүгедектер қоғамының мүшесі ретінде өзім кеңес сұрап едім. Мұздарды ойып шығара алмаймын деп. Одан басқа, көмір салған, отын тұрған қоймамның төбесі түсіп кеткен. Соны салып берсінші деп көмек сұрап едім. Аллаға шүкір, біраз балаларды жіберіп, тілегімді орындады», - деді Түрксіб ауданының тұрғыны Атия ӘДІЛОВА.

Алматыдағы қоныс колониясында қазір 106 адам жазасын өтеп жатыр. Олар жеңіл режимде болғандықтан еңбек етіп, отбасын асырауға мүмкіндіктері бар. Уақытты тиімді пайдалануды ойлаған жазасын өтеушілер жыл басынан бері 10-нан астам кембағалға көмек қолын созған. Алдағы уақытта да қайырымды іспен айналысып, сенбіліктерге қатысуды жоспарлап отыр.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға физикалық тұрғыдан да көмек керек. Себебі олар денсаулық жағдайына байланысты өздері жасай алмайды. Мәселен, сотталғандар ауланы қар мен мұздан тазалауға көмектеседі. Қысқа отын жарып береді. Жөндеуге көмектеседі», - деді ЛА-155/13 Түзету мекемесінің тәрбие ісі бөлімінің басшысы Әмір РАИСОВ.


Новости партнеров