Агенттік арқылы жұмысқа орналасатындардың құқығы қорғалады

Агенттік арқылы жұмысқа орналасатындардың құқығы қорғалады
Бүгінде оларға ешқандай жеңілдік қарастырылмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай жеке агенттік арқылы компанияларда жұмыс істейтін азаматтардың құқығы артады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Себебі Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Бижанова, агенттердің келісімшарты арқылы өзге мекемедегі жалдамалы күштің құқығы тапталып жатыр дейді. Мәселен, оларға ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. Одан бөлек, жұмыста жарақат алған жағдайда өтемақы төленбейді. Депутат осындай олқылықты жоятын заңжобасын Әділет министрлігіндегі ведомстваның аралық отырысында көтерді.

«Кейбір ұяты жоқ компаниялар жеке агенттік жіберген қызметшінің жалақасын әдейі аз қылады. Бірақ оның жұмысы мен штаттағы немесе ресми, өздері алған азаматтың еңбегі бір деңгейде. Аяқ астынан жалдамалы қызметшінің денсаулығын жұмыс барысында бірнәрсе болса, оны қолдау да көрсетілмеген», – деді  ҚР Парламентң Мәжілісінің депутаты Гүлнәр БИЖАНОВА.

Жұмыскер мен жұмысшы өзара мәмілеге келуі үшін заңжоба әлі де талқыға түспек. Егер, қолдау тапса «Қарыздық еңбек» атты құжат Парламентке жолданбақ.  

Новости партнеров