Алматыда санитарлық талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі мониторинг тобымен «үй» жағдайындагы той тоқтатылды

Алматыда санитарлық талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі мониторинг тобымен «үй» жағдайындагы  той тоқтатылды
5 шілде күні Наурызбай ауданы, Ақжар ы/а, Жаңа Шаруа көшесi мекен-жайы бойынша хабарлама түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

5 шілде күні Наурызбай ауданының тұрғыны  Ақжар ы/а, Жаңа Шаруа көшесi  мекен-жайы бойынша тұратын көршілері отбасылық мереке  (үй жағдайындагы той) өткізіп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түскен шағымға  байланысты Алматы қаласы бойынша  құрамына Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, аудан әкімдігінің және полиция қызметкерлері енген мониторингтік топ  жоғарыда аталған мекен жайға аттанды. Карантин тіртібін бұзу фактісі расталды. Осыдан кейін шара тоқтатылды. Эпидемиологтар тарапынан Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі «Қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» №44 қаулысына сәйкес карантиндік шаралардың бұзылуын болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қаулының 3-тармағының 3-тармакшасына сәйкес, меншік түріне қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстары  және көп адамның жиналуымен өтетін басқа да іс-шараларға, сонымен қатар, көпшіліктің қатысуымен отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), үйде және ашық далада да өткізуге катаң тыйым салынады.

Еске салайық, бүгінде Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтыру  оқиғалары әлi де тіркелуде. Осыған байланысты эпидемиологтар санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салады. Атап айтқанда, көптеген адамдардың жинақталуы коронавирус инфекциясының жаппай қайта жұқтырылуы үшін қолайлы жағдай туғызатындығын есте ұстаған жөн.

Алматы қаласының барлық аудандарында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің санитарлық талаптардың сақталуын бақылау бойынша бақылау топтары жұмыс жасайды. Егер Алматы қаласы бойынша карантин режимін бұзу фактілерін анықталған жағдайда, мына телефон бойынша хабарласу керек:

1. Алатау ауданы - 87757814550;

2. Алмалы ауданы - 87017165925;

3. Әуезов ауданы - 87014009193, 87477615582;

4. Бостандық ауданы - 87011223059;

5. Жетісу ауданы - 87011071790, 87475574071;

6. Медеу ауданы - 87078224078;

7. Наурызбай ауданы - 87077527927;

8. Түрксіб ауданы - 87011940719, 87051895289, 87071895289

Новости партнеров