Жаңа туған нәрестелер арасында егіз балалар да бар
Алматыда 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні сағат 00:00-18:00 аралығында 81 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
“45 ұл бала, 36 қыз бала дүниеге келді. Барлығы 81 бала дүние есігін ашты. Бір ана егіз бала туды", – дейді баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тұңғыш Президент күні Қызылорда облысында "алып" бала дүниеге келді. Нәрестенің салмағы 5,4 кг болды.