Алматының Бостандық ауданындағы көшелер жаңаша түрленеді – әкім

Алматының Бостандық ауданындағы көшелер жаңаша түрленеді – әкім
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыдағы Бостандық ауданында көшелер жаңа кейіпке енбек. Манас көшесін халықаралық стандарттарға сай абаттандыру жұмыстары қолға алынатын болды. Жүргіншілер үшін демалыс аймақтары көбейеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетсек, өткен жылы ауданда 15 шақырым арық жүйесі жөнделген. Соның арқасында биыл көктемдегі жауын-шашын кезінде көшелерді су алу жағдайлары қайталанбайды деп сендірді аудан әкімі. Ол, сондай-ақ халық алдында берген есебінде былтыр атқарылған жұмыстарды атап өтті.

«Өткен жылы су құбырын, кәріз жүйелерін және газ жүйесін тартуға және жаңғыртуға 1 млрд 270 млн теңге жұмсалды. Соның арқасында коммуналдық қызметтер сапасы біршама артты. Бүгінде орталық кәріз жүйесіне қосылған абоненттер үлесі 80 пайызды құрап отыр», – деді Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай РАХЫМБЕТОВ.

Новости партнеров