20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда экономиканың бірқатар секторларының жұмысы қалпына келтіріледі

qazaquni.kz
qazaquni.kz
Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің нақты тізімін Мемлекеттік комиссия 15 сәуірде бекітеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда экономиканың бірқатар секторларының жұмысы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды. Мемлекеттік комиссия Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын ескере отырып, әкімдердің ұсыныстарының негізінде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтаумен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Бірінші кезең аясында биылғы 20 сәуірден бастап өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының, сондай-ақ қызмет көрсету саласының белгілі-бір секторларының жұмысы қалпына келтіріледі. Олардың жұмыс істеуі үшін қойылатын міндетті шарт – санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау. Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің нақты тізімін Мемлекеттік комиссия 15 сәуірде бекітеді.  

«Мемлекеттік комиссияның 10 сәуірдегі отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантиндік режимді соңына дейін ұзарту қажеттілігін айтты. Сонымен қатар,  үкаіметке әкімдермен бірлесіп, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы шағын және орта бизнестің  жұмысын біртіндеп жандандыру бойынша нақты және атаулы жұмыс жүргізуді тапсырды. Бұл орайда санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың қатаң сақталуын қамтамасыз теу керек», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН.

Новости партнеров