"Алматы" телеарнасы "Наурыз көже челленджін" бастады

Наурыз көжені жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет етеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарық қып құтты Наурыз,

Қазанға толсын сары уыз.

Қайнасын Наурыз көже де,

Толтырып ішкей кесеңе.

Ұлыстың ұлы күнінде,

Көппен бірге күлімде, - демекші Наурыз мейрамында – әрбір үйде қазан ошақта наурыз көже дайындалады. Ырымшыл қазақ халқы әу бастан киелілікке, қасиетті сандарға мән берген. Сол себепті бұл тағамды жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткен.

Сол ниетпен "Алматы" арнасы "Наурыз көже челленджін" ұйымдастырып жатыр! Қатысу шарттары өте оңай – бар болғаны наурыз көжені дайындау барысын видеоға түсіріп, біздің байланыс нөміріне жолдаңыз. Наурыз көженің негізгі ингредиенттерін атап, не үшін көжеге қосылатыны туралы баяндап берулеріңіз керек.

Жіберілген видео "Алматы" арнасының YOUTUBE-ке жүктелгеннен кейін, лайктар мен пікірдің жазылу белсенділігіне қарай жүлдегерді анықтайтын боламыз.                                   

Конкурстың нәтижесін наурыз айының18 жұлдызы  "Таңғы студио" эфирінде жариялаймыз.

Басты жүлде "Almaty Resort" санаторийіне екі адамдық VIP ЖОЛДАМА!!!

                                                                     СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!!

Новости партнеров