|
30.01.2020 | 19:48
1303

Ухань қаласынан әкелінетін студенттерге арнайы емхана дайын

Бүгінде онда 400 студент білім алуда

Ухань қаласынан әкелінетін студенттерге арнайы емхана дайын

Дәл осылай айтқан Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев аспан асты елінен студенттерді елге жеткізудің тәртібімен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Егер ол студенттерді алып келетін болсақ, біз алдымен карантин жариялаймыз. Оларға біздің дайындап қойған емханамыз да бар. Сол емханаға апарып, оларды  14 күн бойы емдейміз. Тиісті шараларды қолданамыз. Одан кейін оларға диагностика жасаймыз. Лабораторияға қан аламыз. Лаборатория тексеру нәтижесін берген соң ғана біз оларды шығарамыз», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ.

Бердібек Сапарбаев студенттер әуежайға жеткізілгенде барлық қауіпсіздік шаралары сақталатынын айтты. Оларды медицина қызметкерлері күтіп алып, автобусқа отырғызады. Бұдан соң белгіленген емханаға алып барады. Айта кетейік, Қытайдың Ухан қаласында 400 студент білім алуда. Соның ішіндегі 98-і сол қалада, яғни олар оқу орнының кампусында қалып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир